Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына барды. Демеушілік көмек аясында «QazAlPack» ЖШС атынан мекемеге 16 орындық «Газель» маркалы автокөлік табысталды.
Бүгінде мұнда 3 пен 18 жас аралығындағы 121 бала тәрбиеленіп жатыр. Олар – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Берілген автокөлік тәрбиеленушілерді күн сайын білім беру ұйымдарына тасымалдауға, қалалық іс-шараларға қатысуға, түрлі сапарлар ұйымдастыру мен басқа да қажетті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мұндай мекемелерге әлеуметтік қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, компанияға танытқан әлеуметтік жауапкершілігі және балалардың тәрбиесі мен дамуына қолайлы жағдай жасауға қосқан үлесі үшін қала әкімі алғыс айтты.