Сауран ауданында да мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, аудан әкімдігі мен мәслихат өкілдері өңірдегі қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады.
Салтанатты жиында әйел-аналардың қоғамдағы орны ерекше екені атап өтіліп, олардың отбасы берекесін сақтаудағы, ұрпақ тәрбиелеудегі және ел дамуына қосып жүрген еңбегі жоғары бағаланды. Аудан басшылығы барша қыз-келіншектерге ізгі тілектерін арнап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тіледі. Мерекелік шара барысында түрлі салада еңбек етіп жүрген бірқатар қыз-келіншектерге алғыс хаттар табысталып, гүл шоқтары ұсынылды. Бұл – олардың қоғам өміріндегі белсенділігі мен қажырлы еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі. Іс-шарада мәдениет саласының өнерпаздары әсем әндерін арнап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жылы лебіздер мен ізгі тілектерге толы кездесу аудан қыз-келіншектері үшін ерекше әсерлі сәттерге ұласты.