Мегаполисте Конституция бойынша ақпарттық жұмыстар жалғасып жатыр. Ақпараттық топ мүшелері Қазақстан Металл Конструкциялары Зауытындағы жұмысшыларымен кездесті. Жұмысшы мамандарға жаңа бастаманың жәй-жапсарын түсіндірді.


Кездесу барысында Жастар ресурстық орталығының мүшелері Конституция жобасының негізгі жаңашылдықтарды атап өтті.Соның ішінде бір палаталы Парламентке көшу оның құрылтай деп аталуы,сондай-ақ Заң шығарушы орган құрамында 145 депутаттың қызмет атқаруы айтылды.


Жұмысшы мамандар да Жаңа Конституция жобасымен таныс екендерін жеткізді. Олар елдің әлеуметтік-экономикалық даму жолында жаңа Атазаң қажет,-деп отыр сондықтан Референдумға қатысуға бек дайын.


2025 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген өнім көлемі 6,4 млрд теңгені құрады, бұл кәсіпорынның тұрақты дамуын және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға қосып отырған елеулі үлесін көрсетеді. Қазіргі уақытта зауытта 65 жұмыс орны бар, қызметкерлердің орташа айлық жалақысы шамамен 300 мың теңгені құрайды. Бұл кәсіпорынның қала мен облыс үшін әлеуметтік маңызын білдіреді.