Қыздар боксы дамып, ілгері басып келеді. Бұрымдылар жеткен жетістік ерлер құрамасынан бір кем емес. Мереке аясында спорттың күрделі түрін игеріп, әлемге қазақ атын танытып жүрген спортшылармен тілдесіп қайтқан едік. Тілші жалғастырады.


24 жастағы Элина Базарова – 54 келі салмақ дәрежесінде ел біріншілігінің 3 дүркін жеңімпазы. Жастар арасындағы әлем чемпионы. «Странжа» кубогінің иегері.  10 жыл бұрын боксқа оны әкесі алып келген. Айтуынша, бастапқыда сырт көз сын-ескертпе айтып, бокстың қыз балаға тән емесін дәлелдеуге тырысқан.


ЭЛИНА БАЗАРОВА, БОКСШЫ, ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
– «Қызға жараспайды дейді. Дене-бітімі еркекке ұқсайды деп айтады. Бірақ, маған ол әсер етпейді.»  «Өзімнің мақсатым бар. Олимпиада чемпионы болу. Мақсатқа жетпей қоймайтын адаммын.»

Алған бетінінен тайсақтамаған ару ел әнұранын әлемдік ареналарда шырқап,  қазақ атын жаһанға танытты. Келесі меже ересектер арасындағы әлем және азия чепионаты.

ЭЛИНА БАЗАРОВА, БОКСШЫ, ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
 – «Моңғолия елінде азия чемпионаты өтеді. Соған дайындалып жатырмыз.»  «14 наурызда оқу-жаттығу жиыны өтеді. Сонда дайындалып, ол жақтан да алтын алып келеміз, бұйырса!»

Жайна Шекербекова да 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Азияның екі дүркін чемпионы, әлем біріншілігінің күміс және қола жүлдегері. Бұған дейін ол алынбас қамал болып келген азия ойындарында топ жарып, екінші орын алған. Биылғы басты мақсат, сол күмісті алтынға айырбастау дейді ол.

 ЖАЙНА ШЕКЕРБЕКОВА, БОКСШЫ, АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
– «Алға қойған мақсаттардың бірі азия ойындарының чемпионы болу. Бұл тарихи алтын болады, егер алтын болса. Өйткені қыздар арасында әлі алтын алған ешкім жоқ.»

36 жастағы боксшының Тізе берсең жүлдесі мен марапаты жетерлік. Тіс қаққан, тәжірибелі маман. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Олимпиада ойындарының қатысушысы.

ЖАЙНА ШЕКЕРБЕКОВА, БОКСШЫ, АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
 – «Әпке, сізге бір сұрақ қойсам бола ма дейді? - Сұра деймін. – Бокстан шаршамадыңыз ба, жалықпадыңыз ба ?, -  дейді. Әрин барлық спортшыда ондай жағдай  болады.» «Бірақ, ондай сәттерде ойлайсың, барлық спортшының шың олипиада.»  «Осы олипиданың бір жүлдесін, медальін алсам деген мақсатым бар.»

Қос спортшының да арманы айқын, мақсаты нақты. Ол олимпида алтынын алқа етіп тағу. Арна ұжымы атынан спортшыларға сәттілік тілеп, мерекемен құттықтаймыз.