6506 әскери бөлімінің музыкалық оркесторы ән шырқап, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері ару-аналарға гүл шоқтарын таратты. Арбат алаңында өткен іс-шараға нәзік жандылар қатысып, сый-құрметке бөленді.


 Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен «Арбат» алаңына келушілерге гүл шоқтары таратылды. Ботагөз Тастанбекқызы мерекелік іс-шараға кездейсоқ келген. «Арбат» алаңынан өтіп бара жатқан оны Жастар орталығының қызметкерлері қарсы алып, гүл шоқтарын тартты.


 БОТАГӨЗ ТАСТАНБЕКҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
 – «Біз қалай келіп қалғанымызды білмейміз. Бұйыртқаны да. Қуанып тұрмыз. Рақмет барлығына!»


 Ұйымдастырушылардың басты мақсаты – аналар мен аруларды қуанышқа бөлеу, көңілін көтеру. Бір қолымен бесік, бір қолымен әлем тербеткен аналарды, қызғалдақтай құлпырған ару-қыздарды құттықтап, құрмет көрсету жылдың басқа да күндерінде де жалғасуы тиіс дейді олар.


 ЖАНСЕРІК ЖҰМАН, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ БАСШЫСЫ
 – «Барша ару-қыздарды, асыл аналарды мерекемен құттықтаймыз. Мерекеден мерекеге құлпырып-жайнап жете беріңіздер.»