Қазығұрт ауданында жұма намазға жиналған жамағатқа құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен шара барысында тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, ақпараттық брошюралар таратылды. Қылмыс түрлері бойынша жан-жақты мәлімет берілді. Құқық қорғау өкілдері азаматтарды қырағылық танытып, күмәнді жайт орын алса, дереу тиісті органдарға жүгінуге шақырады.
БАҚЫТЖАН БАЙМАҒАНБЕТОВ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Құқық қорғау өкілдері аудан тұрғындарына құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, интернет алаяқтық, қыз алып қашу, ұрлық, желідегі діни ақпараттар жайлы жан-жақты ақпарат айтылды. Орган өкілдері күмәнді жайт туындаса, бірден тиісті шара қабылдайды.