Әйелдер күні мерекесі қарсаңында Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болды. Тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пәтер кілтін арнайы табыстады.


Дильрабо Сайдахметова тұрғын үй кезегінде 9 жыл тұрған. Халықты баспанамен қамту аясында 2 баланың анасы 2 бөлмелі пәтерге ие болды. 45 жастағы анаға баспана кілтін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тапсырды.


ДИЛЬРАБО САЙДАХМЕТОВА, ТҰРҒЫН
– «Өте қуаныштымын, 8 наурызға маған сыйлық болып тұр. Кезекте 9 жыл тұрдым. Енді үйіміз берекелі, жақсы болып келсін»


Жалдамалы пәтерлер коммуналдық үй қорынан баспана кезегіндегі 30 отбасыға берілді. Тізімде екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, толық емес отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар, мүгедектігі бар азаматтар, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.


 КӨПЖАН ТҮЛЕБАЕВ, ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А  
 – «Пәтерлердің барлығы коммуналдық инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтылған. Көшіп келуге дайын. Пәтерлердің кейбірі қалдық құны бойынша сатып алуға мүмкіндігі бар азаматтарға, ал кейбірі тегін жекешелендіруге мүмкіндігі бар азаматтарға беріледі»


 Табысталған баспаналар Асар-2, Тұран және Бозарық шағын аудандарында орналасқан. Айта кетейік, Шымкентте тұрғын үй кезегінде 92 мыңнан астам азамат тіркелген.