Еңбекші ауданында 61 референдум учаскесі бар. Барлығында ерекше күтімді қажет ететін азаматтар үшін арнайы кабинка жасақталған. Көзі көрмейтін адамдарға бағыт-бағдар беруге арналған тактильді көрсеткіштер орнатылып, құлағы естімейтіндер үшін құлаққап пен персоналды ноутбук жұмыс істейді. Ерекше жасақталған сайлау кабинкасы жайында келесі бейнематериалда толығырақ.
№153 референдум учаскесі №150 жалпы білім беретін мектеп ғимаратында орналасқан. Мұнда 2600 дауыс беруші тіркелген. Оның 5-еуі мүгедектігі бар азамат. Референдум учаскесі дауыс берушілерді қабылдауға толығымен дайын. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалған.
ШАДИЯ ЖИЕНОВА, №153 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Ең бірінші азаматтың келгенін білдіретін арнайы қоңырау батырмасы бар. Санитарлық нормаға сай пандустар орнатылған, көзі көрмейтін азаматтарға бағыт-бағдар беруге арналған тактильді көрсеткіштер де қарастырылыпты. Осы көрсеткіш мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы кабинаға бағытталған. Сондай-ақ, трифлотехникалық құралдар, яғни, көруінің нашарлауы салдарынан мүмкіндігі шектелген сайлаушыларға арналған электрондық лупа қойылған.
Ерекше күтімді қажет ететін азаматтар референдумға еркін қатыса алады. Еңбекші ауданында 622 мүгедектігі бар азамат дауыс беруге құқылы. Қалалық аумақтық референдум комиссиясы мен Еңбекші аудандық аумақтық референдум комиссия мүшелері учаскелерді аралап, мұндай адамдардың дауыс беруі үшін жасалған жағдайды көзбен көріп тексеріп жүр.
ЖАНДОС ҚАМБАРБЕКОВ, ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Еңбекші ауданы бойынша 61 референдум комиссиясы орналасқан. 111 599 сайлаушы бар. Солароға барлық жағдай жасалған. Бүгінгі таңда сол 111 599 сайлаушыға шақыру билеттері берілді. Бұл азаматтардың ішінде көзі ждақсы көрметін, құлағы жақсы естімейтіндерге байланысты барлық референдум учаскелерінде арнайы дайыс беру кабиналары орналастырылған.
Айта кетейік, тексеру жұмыстары мүгедектігі бар азаматтардың референдумға толыққанды қатысуына жағдай жасау және олардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.