2025 жылы Түркістан облысында 1 млн 235 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді.  


 Ал 2026 жылы пайдалануға берілетін тұрғын үйдің жоспары 1 млн 250 мың шаршы метр болып бекітілген. Оның 70%-ы жеке тұрғын үй және 30 %-ы көпқабатты тұрғын үй есебінен жүзеге асырылмақ.