Шымкент қаласында көшелердегі қар тазалау жұмысы жүйелі жүргізілді. Өткен жылы бұл жұмысқа 183 техника тартылса, биыл қысқы маусымда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 243 арнайы техника жұмылдырылған.


 Сонымен қатар, орталық көшелердің тазалығын қамтамасыз ету мақсатында мердігер ұйымдар тарапынан күн сайын 2 мыңға жуық жұмысшы еңбек етуде. Абай ауданыбойынша ұзындығы 357,2 шақырымдық 80 магистральды көшеде – 37 арнайы техника жұмыс істеді. Әл-Фараби ауданында ұзындығы 147,4 шақырымдық 109 магистральды көшеде – 42 арнайы техника қызмет көрсетті. Еңбекші ауданы аумағындағы ұзындығы 221,6 шақырымдық 83 магистральды көшені 49 арнайы техника тазалады. Қаратау ауданындағы  83 магистральды көшені қардан тазартуға 53 арнайы техника жұмылдырылды.  Ал Тұран ауданында 111 магистральды көшеде 62 арнайы техника жұмыс істеді. Сонымен қатар, көктайғақтың алдын алу мақсатында 25 мың м³ құм, 15 мың тонна тұз инертті материал ретінде пайдаланылды. Қар шығару үшін арнайы бос жер учаскелері белгіленіп, қажет техника мен жұмыс күші мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында толық қамтамасыз етілген.