Бүгін Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінде жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Ата Заңдағы әділеттілік қағидаларын нығайту мен азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері кеңінен түсіндірілді.
Басқосуда ұстаздар қауымы білім беру саласына қатысты баптарға ерекше назар аударды. Себебі, жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым ел дамуының стратегиялық басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Осыған байланысты жастардың сапалы білім алуына конституциялық кепілдік берілетіні атап өтілді. Қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістердің маңыздылығын талқылап, қоғамның дамуына ықпал ететін бастамалар жөнінде пікір алмасты.
ГҮЛБИ ӘШІРОВА, ТАМАҚТАНДЫРУ ИНДУСТРИЯСЫ ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Біздің ұжым жаңа Ата Заңға толық қолдау көрсетіп отыр. Жаңа жобада адам өмірі, құқығы мен бостандығына ерекше басымдық беріліп отыр. Саяси жүйедегі өзгерістер ел дамуын айқындап, жарқын болашаққа деген сенімді нығайтады деп ойлаймын».