Жыл басынан бері Шымкентте жағдайдағы 50 мыңға жуық адам МӘМС жүйесінде әл-ауқаты дағдарыстық және шұғыл сақтандырылды. D және E санатындағы азаматтар медициналық көмекке жүгінген жағдайда сақтандыру жарнасы жергілікті әкімдік бюджетінен төленуде.


Бұл санаттарға өмірлік қиын жағдайға ұшыраған, тұрақты табыс көзі жоқ, жұмыссыз және соңғы айларда зейнетақы жарналары төленбеген азаматтар кіреді. Бұл қолдау міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгеріс аясында іске асырылуда. ӘМСҚ Шымкент қалалық филиалының мәліметінше, бүгінгі таңда 1 117 894 қала тұрғыны МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Оның ішінде 800 мыңнан астам жеңілдік санатындағы адамның жарнасы мемлекет тарапынан төленуде. Сақтандырылмаған азаматтар саны 167 522 адамды құрап, жүйеде қамтылмағандар қатары 4,9 пайызға төмендеді.