Шымкенттік полицейлер QR-код арқылы тұрғындарды есірткі тарату ісіне тартпақ болған ер адамды ұстады. Жедел іс-шара барысында анықталған күдікті қала көшелерінде «Табыс» деп жазылған QR-код хабарландыруларды таратқан.
Аталған кодты сканерлеген қолданушыларға есірткі курьері ретінде жұмыс істеу ұсынылған. Ер адам жарнама қағаздарын өзі басып шығарып, тұрғын үйлердің қабырғаларына, қоршауларға және қаланың басқа инфрақұрылымдық нысандарына жабыстырып жүрген. 100 хабарландыру орналастырғаны үшін ол 15 000 теңге алған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.