Жетісай ауданында ауқымды сенбілік, экологиялық іс-шара өтті. Экологиялық ахуалды жақсарту, жасыл белдеу қалыптастыру және елді мекендердің ажарын ашу мақсатында өткен шара барысында 5 мыңға жуық түрлі сәндік ағаш көшеті отырғызылды.


Аталған бастама ауданның көркін келтіріп қана қоймай, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі, - дейді ұйымдастырушылар. Жыл сайын тұрақты түрде жүргізілетін көгалдандыру жұмыстары – елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, тұрғындарға қолайлы демалыс орындарын қалыптастырудың маңызды бөлігіне айналған. Жасыл желек ауа сапасын жақсартып, табиғи тепе-теңдікті сақтауға, сондай-ақ, өңірдің эстетикалық келбетін арттыруға ықпал етеді» деген аудан әкімі отырғызылған ағаш көшеттеріне алдағы уақытта коммуналдық сала мамандары тарапынан тұрақты күтім жасалатынын жеткізді.