Қазақстанда мұғалімдерге сабақ барысында ChatGPT қолдануға рұқсат етілді. Яғни, ЖИ технологияларын мектеп тәжірибесіне енгізудің әдістемелік негіздері бекітіліп отыр.


 Әдістемені әзірлеудегі басты ұстаным жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды деген қағида. Құжатта ЖИ сабаққа дайындалу, оқу материалдарын бейімдеу және талдамалық жұмыстар жүргізу үшін көмекші құрал ретінде қарастырылатыны айтылған. Сондай-ақ құжатта оқушылардың жеке деректерін бөгде сервистерге енгізуге болмайтыны, сабақта қолданылатын платформалар заңнамалық талапқа сай болуы керектігі нақты көрсетілген. Әдістемелік ұсыным Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайтында қолжетімді. Оны педагогтер, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының басшылары, оқушылар пайдалана алады. Бұл қадам мектептердің цифрлық трансформациясын жүйелі түрде қолдауға бағытталған.