Полиция көлік жүргізушілеріне 12 наурыздан бастап камералар жол ережесін бұзудың жаңа түрлерін тіркей бастайтынын ескертті. Енді камералар рөлде келе жатып телефон қолданған немесе қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілерді автоматты түрде анықтай алады. Бұған дейін мұндай бұзушылықтарды тек полиция қызметкерлері тіркейтін еді.
Яғни, жол камералары тіркейтін бұзушылықтар тізімі айтарлықтай кеңеймек.Сонымен қатар, камералар техникалық тексерудің мерзімі өтуіне, жарамды сақтандыру полисінің болмауына байланысты бұзушылықтарды да тіркейтін болады. Сондай-ақ, кептеліс туғызу немесе сыртқы жарық құралдарын дұрыс пайдаланбау кезінде жүйе автоматты түрде ескертулер де бере алады.