15-ші Наурыз мемлекетімізде маңызды күн. Ел болашағын айқындайтын жаңа Ата заңды қабылдау халықтың қалауына ұсынылып отыр. Таңдау жасайтындар заң жобасын терең танысын деген мақсатта тұрғындарға Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жолы Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында ақпараттық-түсіндіру тобы жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаттарын таныстыруда. Өзгертілген бөлімдерін баяндап, ондағы әлеуметтік мемлекет тұжырымдамасын тұрғындарға түсіндіруде. Жаңа заңның азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды, халықтың осал топтарына қолдау көрсетуді және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуді көздейтіні айтылды.
БАТЫРБЕК ЖАЛМҰРЗАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Көптеген сұрақтар мен пікірлер болып жатыр. Қандай қажеттілік жұмыс істеп тұрған конституцияны өзгертуге деген. 84 пайыз өзгерді.
Талқылау барысында Конституцияның ел болашағын айқындайтын басты құқықтық негіз екені ерекше аталды. Сонымен қатар жаңа Парламент – Құрылтайдың өкілеттіктері қарастырылды. Заң шығарушы орган 145 депутаттан тұрады және олар пропорционалды сайлау жүйесі арқылы 5 жыл мерзімге сайланады.
МАХАМБЕТҚАЛИ АХМЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Қария болғаннан кейін үлесімізді қосайық маңызды шешім қабылдаймыз деп жүрміз. Халқымыз аман еліміз тыныш жақсы өмір сүріп жатырмыз. Ертең жаңа Ата заңды қабылдауға шешім қабылдаймыз.
Жаңа құжат «Күшті қоғам – Әділетті мемлекет» қағидатын алға шығарып, Парламенттің рөлін күшейтуді, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғауды көздейді.