10 наурызда «Наурыз» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Өтінім 10 наурыздан 31 наурызға дейін жалғасады.


«Наурыз» бағдарламасына қатысу үшін міндетті түрде «Отбасы банкінің» клиенті болу керек. Депозитте кемінде 2 млн теңге болуға тиіс. Сондай-ақ өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда өз атына тіркелген баспанасы болмауы керек. Кезекте тұрса да, тұрмаса да кез келген азамат бағдарламаға қатыса алады. Әлеуметтік осал топтар үшін сыйақы мөлшері 7, ал өзге қатысушылар үшін 9 пайыздан есептеледі. Несие 19 жылға дейін беріледі. Тұрғын үйдің жалпы соммасы Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңге дейін болса, өзге өңірлер үшін 30 млн теңгеге дейін болады. Бағдарлама аясында Астана, Алматы мен облыс орталықтарында тек жаңа пәтерлерді, ал моно қалалар мен ауылдық елдімекендерде бірінші және екінші нарықтағы тұрғын үйлерді алуға мүмкіндік бар. Барлығы онлайн форматта жүзеге асып жатыр.