Шымкентте жыл басынан бері МӘМС жүйесіне қосымша 13 мыңнан астам тұрғын қосылды. Осылайша, жүйеде сақтандырылғандар саны 1 117 894 адамға жетті.


 Сақтандырылған мәртебесі бар азаматтар медициналық көмектің кең спектрін алуға болады. Атап айтқанда, олар жоспарлы медициналық көмекті, диагностикалық зерттеулерді, консультациялық қызметтерді және бірқатар жоғары технологиялық медициналық қызметтерді пайдалана алады. Қазіргі таңда қалада 60-қа жуық емхана тұрғындарға қызмет көрсетеді. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға тіркелген халық саны 1 миллион 300 мыңға жуық. Медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруда тұрғындарды МӘМС жүйесімен қамту маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты қала әкімінің орынбасары жауапты мекемелерге бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.