Қала әкімі Алматы қаласындағы Беларусь Республикасының бас консулы Денис Мелешкинмен кездесті. Кездесу барысында Шымкент қаласы мен Беларусь Республикасының өңірлері арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.


Әсіресе сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, инвестиция тарту, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және инновация салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұдан бөлек Шымкент қаласында қазақстандық-беларусьтік бизнес-форум өткізу мүмкіндігін қарастырды. Мұндай форум кәсіпкерлер арасында тікелей байланыс орнатуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға тиімді алаң болатынына сенім мол. Келіссөз барысында қалада қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Стратегиялық тұрғыдан тиімді орналасуы мен қарқынды дамып келе жатқан экономикалық әлеуетінің арқасында Шымкент халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ашық екенін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша алдағы уақытта әріптестікті нығайтып, өзара тиімді жаңа жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендерін жеткізді.