Сервис және қызмет көрсету саласы бойынша колледж педогогтері арасында республикалық шеберлік байқауы басталды. Жарысқа еліміздің 12 өңірінен қатысушылар келген. Олар алдағы 4 күн бойы сән технологиясы негізінде сынға түсіп, кім мықтыны анықтайды.

 Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде оқытушылар тест тапсырып, теориялық білімін сынға салады. Екінші кезең искиздеу, ал үшінші модульде қатысушылар жаздық көйлек үлгісін тігеді. Сондай-ақ алдын-ала берілген үй тапсырмасын ұсынады. Өнідіріс орындарынан келген әділқазылар байқау барысын жіті бақылап, өнімдердің спасы мен ерекшелігіне баса назар аударады.

МЕРУЕРТ БЕКМАНОВА, ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Байқау басталуына 3 ай қалғанда арнайы үй тапсырмасы беріледі. Тапсырмада тақырып болады. Сол тақырыпты ашып, жарысқа дайындалып келеді.»



БАҚЫТЖАН БИЕКОВА , БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТЕКШІ МАМАН, TALAP КЕАҚ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ
– «Педогогтердің шеберлігін анықтайтын. Оларға атестатциялау кезінде үлес беретін конкурстар тізбегі жинақталған. Соның бірі бүгінгі байқау.»

 Республикалық сынға қатысушылар өз өңірінде іріктеліп, жүзден жүйрік танылған мамандар. Енді олар алдағы төрт күн бойы өзара сынға түсіп, тәжірибе алмасады. Тың идея алып, шабыттанып қайтады. Басты мақсат та осы.

ШЫНАР САТЫЛҒАНОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
 – «Біз тренж киімін тегеміз. Қыздар-әйелдер тренжі. Соны тігіп-дайындап келдік. Қосымша біз осы жерде тігіп, дайындаймыз.»

 Байқау қорытындысы бойына жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ олардың нәтижесі атестатциялау кезінде өз ықпалын тигізеді.