Биыл Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығына 30 жыл толып отыр. Атаулы датаға орай Астана қаласында іскер әйелдердің халықаралық  саммиті өтеді. Іс-шараға Шымкент қаласынан да бір топ нәзікжандылар аттанды. Олар форумда бизнесте кездесетін көкейкесті жағдайлар, жаңа мүмкіндіктер мен қолдау шаралары туралы ойларын ортаға салады.


Іскер әйелдер қауымдастығы 30 жыл бойы түрлі саладағы нәзік жандыларды біріктіріп, олардың кәсіби өсуіне, әлеуметтік бастамаларын қолдауға және мемлекеттік деңгейде белсенділік танытуына мұрындық болып келеді. Ауқымды іс-шараға елімізден өзге АҚШ, Еуропа және Азия елдерінен өз саласының көшбасшысы атанған қыз-келіншек жиналады деп күтілуде. Форумда әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру, бизнес негіздеріне оқыту мен кедергілерді жою сынды жәйттер талқыланбақ. Жалпы қауымдастық әйелдердің кәсіби және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруда, сондай-ақ әлеуметтік осал топтарды қолдауда үлкен рөл атқарып келеді.