Шымкентте «Ұлы тұлғалар апталығы» жобасы жалғасып жатыр. Бұл жолы жастар Әбу Насыр Әл Фарабидің өмір тарихымен танысты. Жастар ресурстық орталығында өткен танымдық іс-шараға дінтанушы, теолог, психолог мамандар шақыртылған. Олар өскелең ұрпаққа ғұламаның ұстанымдары мен құнды деректерін, тарихи-танымдық еңбектерін насихаттады.
Студенттер арасында өткен семинар-тренинг «Ұлы тұлғалар апталығы» жобасы аясындағы үшінші кездесуі. Бұл жолы ұйымдастырушылар Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың ұстанымдары мен құнды деректеріне таныстырды. Семинар барысында арнайы шақырылған спикерлер ғұламаның өмір жолы мен өнегелі ғұмырына кеңінен тоқталып, оның түркі дүниесінің рухани дамуына қосқан өлшеусіз үлесін жан-жақты баяндады.
ИСЛАМҚҰЛ ИМАНҚҰЛҰЛЫ, НАИБ ИМАМ
Бұл кеште жалпы қазақ халқы үшін біртұтас түрік елдері үшін жалпы адамзат баласы үшін мақтаныш болған қазақстанның жерінде туып өскен Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз жайында біраз мәселелер қозғалмақ. Бұл кісінің еңбектірі жайында және қалыптастырған ой-өрістері біршама ұрпаққа қалдырған мұрағат жайында біраз әңгімелолмақ. Мысалы Әбу Насыр Әл-Фараби артымызда тұрғандар «Тәрбиесіз алынған білім – адамзаттың қас жауы» деді. Сол білімді қалай алу керек білімді алуда неге тоқталу керек сол мәселлерге тоқталамыз.
Мазмұнды жиынға 600 ге жуық мектеп оқушылары мен колледж студнттері жиналды. Оларға рухани мұраның мәні терең түсіндірілді. Ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың маңыздылығы айтылды.
ШАЛҚАР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Бүгінгі күн Ұлы тұлғалар апталығының үшінші күні. Іс-шара аясында Әбу Насыр Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Дулати және А.Байтұрсынов сияқты қазақтың ұлы тұлғаларының жастарға еңбектерін олардың өміңрлерін насихаттау болып отыр. Бұл рухани шығармашылық іс-шара. Жастарға студенттерге, мектеп оқушыларына тәлім тәрбие беретін. Осы қазақтың ұлы ғұламалардың еңбектерімен олардың өмір жолдарымен таныстур болып табылады.
Айта кетейік тағылымды іс-шара 30 сәуірге дейін жалғасатын болады. Қорытынды жиын Мұхтар Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан университеті жанындағы жастар аллеясында өтеді.