2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимі қолданыста. Бұл режим табысы аз әрі тұрақты емес жеке тұлғаларға арналған және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе такси қызметі шаштараз қызмет көрсету саласындағы азаматтарға тиімді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына өту үшін ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен яғни 1,2 млн теңгеден аспайтын болу керек Қала аумағында, жыл басынан бері 40 мың тұлғаның аталған режимге тіркелуі қамтамасыз етілген.
ШОХАН ОМАРБЕК, МЕМЛЕКТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ ӘКІМШІЛЕНДІРУ ЖӘНЕ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін болады. Өз кезегінде, салық кодексіне бірқатар өзгерістер енгзіліп, салық жүйесі оңтайландырылған болатын. Оның ішінде. өзгерістердің бірі, бұған дейін қолданыста 7 арнаулы салық режимі болатын болса, бүгінгі таңда олардың саны 3 еуге дейін қысқартылды.
Бүгінгі таңда, өз тиімділігімен ерекшеленетін, кеңінен қолданылып жатқан режимдердің бірі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимі болып табылады. Үкімет тарапынан, бекітілген қаулыға сәйкес осы режимді қолдануға рұқсат етілген 40 қызмет түрі бар. Оның ішінде, мәселен кеңінен қолданыстағы такси қызметі, шаштараз, сұлулық салондарының қызмет көрсететін тұалғаларға осы режимді қолданса болады.
ШОХАН ОМАРБЕК, МЕМЛЕКТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ ӘКІМШІЛЕНДІРУ ЖӘНЕ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Жалпы алғанда 1 ші қаңтардан бастап осы күнге дейін қала аумағында 40 мыңнан астам тұлғаның өзін өзі жұмыспен қамтығандар режиміне тіркелді. Қазір такси, шаштараз, салон қызметтері көрсететін тұлғалардың барлығы осы режимді қолданса тиімді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелу талап етілмейді. Бір немесе бірнеше қызмет түрімен қатар айналысуға рұқсат етіледі. Қызметтерді жеке тұлғаларға да, бизнеске де көрсетуге болады. Бастысы E-Salyq Business қосымшасында авторизациядан өтіп, ай сайынғы табысын көрсетеді. Алғашқы чектің қалыптасқан күні өзін-өзі жұмыспен қамтудың басталу күні болып есептеледі.