Ұлттық ұлан сарбаздары ұлттық спортты насихаттады. Жыл сайын дәстүрге айналған ауыспалы кубогы аясында бас гвардияда борышын өтеген азаматтар аударыспақта бақ сынады. Тақырыпты тілші тарқатады.
Ұлттық ұланда әр жылдары мерзімді қызмет атқарған сарбаздар шымкентте бас біріктірді. Олар қазақ күресі, футбол, жүзу, гир көтеру, арқан тартыс, аударыспақ сынды спорт түрлерінен бақ сынасты. Биылғы ерекшелік аударыспақ жарысы. Алды алпысқа таяған сарбаздар ат құлағында ойнайды.
ЖАНСЕЙІТ ҚАЛМЕНОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Кешелі бері үлкен кубок боп жатыр. Қазақтың ұлттық ойыны аударыспақтан болайын деп жатыр бүгінгі іс-шара. Кеше күрестен суға жүзуден болды. Бүгін футболдан боп жатыр.
Қазақстанның Ұлттық ұланы 1992 жылы құрылған Спортакиядаға әр жылдары мерзімді қызмет атқарған 500-ге жуық запастағы жауынгер қатысуда. Үш күнге созылатын жарыста қатысушылар спорттың 6 түрінен бақ сынайды.
БОЛАТ БАҚЫТҰЛЫ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Жарысымыз керемет өтуде. Жалғаса берсін Әскерлестеріміз жылда осы сәтті асыға күтеді. Биыл ерекшелік аударыспақ спортын қосып отырмыз. Кубогымызды кім мықты соған береміз.
Ұлттық гвардияға биыл 34 жыл. Осы жылдар аралығында талай азамат ұланның сапын толтырды. Запастағы сарбаздар жыл сайын спорттық шараға бірігуді дәстүрге айналдырған. Басты мақсат – өзара байланысты нығайтып, ұйымшылдықты арттыру.