87 мың Шымкенттік тұрақты түрде кітап оқиды. Оларға 37 филиалы бар 6 ірі кітапхана қызмет көрсетеді. Ақылына ақы сұармайтын данышпанды насиахттау үшін биыл кітапханалар 462 іс-шара өткізген. Бұл туралы қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы  Бауыржан Орынтаев мәлімдеді.


 Кітапқа деген сұраныс күн санап артып келеді. Сондықтан да кей кітапханалар пилоттық режимде «түнгі кітапхана» жобасын іске қосып, жұмыс уақытын ұзартқан. Қазір жаңа режим негізінде Абай және Пушкин кітапханалары жұмыс істеп тұр. Егер бастама халық игілігіне жарап, оң нәтиже көрсетсе әрі қарай да жалғасуы ықтимал дейді басқарма басшысы.  


 БАУЫРЖАН ОРЫНТАЕВ , ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ  
 – «Өзіңіз атап өткен екі кітапханаға түнгі кітапхана жобасы үшін штаттық бірліктерді қарап бердік. Нәтижесіне қарай тиісті шешімдер қабылданатын болады.»

Бауыржан Орынтаевтың мәлімдеуінше, кезекшілікке қалған кітапханшыға қосымша үстемақы төленеді. Мегполисте архив құжаттарын цифрландыру үдерісі де жүйелі іске асып келеді. Жыл басынан бері мамандар 190 мыңға жуық парақты электронды нұсқаға көшірген. Жыл соңына дейін тағы 500 мыңнан аса парақты цфрланадырмақ. Жоба іске асқан соң тұрғындар өзіне қажетті архив құжаттарға онлайн қол жеткізе алады.


 БАУЫРЖАН ОРЫНТАЕВ , ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ  
 – «Бұл іс уақыт талап етеді. Сәтті іске асқан соң тұрғындар құжаттарды онлайн ала алады.»

Баспасөз отырысы әрі қарай сұрақ-жауап форматына жалғасты. Басқарма басшысы журналистер жолдаған сауалдарға толыққанды жауап берді.