Төлеби ауданында Ленгр қаласындағы 8-ші колледжде мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік» күні өтті. Іс-шараға 60 қа жуық білім ошағының оқушылары қатысты. Олар колледждің білім беру үдерісімен, материалдық-техникалық базасымен және мамандықтарымен жан-жақты танысты.


 Іс-шараға аудан аумағындағы 60 мектептен 400-ге жуық оқушы қатысты. Олар «Аспаз ісі», «Cән технологиясы» құзыреттілігі бойынша «JuniorSkills» Lenger 2026 аймақтық кәсіби шеберлік байқауын тамашалады. Сонымен қатар ұлттық құндылық пен заманауи дизайнды ұштастыру мақсатында «Ұлттық киім-ұрпаққа аманат» тақырыбындағы тігінші мамандығы дайындаған сәндік көрсетілімімен танысты.


 ДАРХАН ҚЫЛЫБЕКОВ, СТУДЕНТ
 Мен осы №8 колледжді электр жабдықтары мамандығын аяқтап, дәл қазір жастар практикасымен жұмыс атқарудамын. Біздің студенттер өз білімдерін жоғары деңгейге кқөтеріп, Ташкент, Алматы, Астана деген секілді жан-жақты қалаларға барып жарысқа қатысуда.


Колледжде ерекше білімді қажет ететін балалар үшін жағдай жасалған. Оқу ордасының ұстаздары мұндай жандар үшін арнайы оқу құралын шығарыпты.


ХУРШИДА КАДИРОВА, ОҚЫТУШЫ
Колледжде әдістемелік жұмыс жоғары деңгейде қолға алынған. Соның ішінде колледжде ерекше  білімді қажет ететін студенттерге арнайы кітапша жинақтағанбыз. Облыстық білім басқармасымен бекітілген. Осы жұмыстардың көлемінде барлығында ерекше білімді қажет ететін балдар топқа жиналады әр мамандықта. Осы жұмыстардың ішінен біз бүгін оқушылармен  болашақ түлектермен ойындар ойнадық.


 Аталған байқауға аудан мектептерінен келген оқушылар қатысып, өздерінің кәсіби қабілеттерін көрсетті, сайыс тәжірибе алмасу алаңына айналды. Мұндай іс-шара жас ұрпақтың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, кәсіби білім алуға ынталандырмақ.


 САБЫРЖАН САРЫПБЕКОВ, №8 КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Бүгін колледжімізде ашық есуік күні ұйымдастырылуда. Іс-шараға ауданымыздағы 60 мектептен 9-11 сынып оқушылары 400 ге жуық келіп колледждің материалдық базасымен және шеберханалармен оқу өндірістік жұмыстармен жәнеоу кабинеттерімен танысты. Шараның негізгі мақсаты мектеп оқушыларына дұрыс кәсіби бағдар беріп, өз мамандықтарын дұрыс таңдай болып табылады.


 Іс шара соңында байқау жеңімпаздары және колледжбен тығыз жұмыс жүргізген мектеп директорлары мен кәсіби бағдар беру мамандары алғыс хатпен марапатталды.