Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай және ұлағатты ұстаз Қожамұратов Жәділ Қожамұратұлын еске алуға арналған дәстүрлі облыстық шахмат турнирі өтті.
Аталған турнир жыл сайын өткізіліп, Түркістан облысының мектеп оқушылары арасында дарынды шахматшылардың басын қосатын маңызды зияткерлік додаға айналып отыр. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақ арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттау, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру. Турнирге әр өңірден мектеп оқушылары мен жасөспірімдер қатысып, өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.