Мектепте орын алған буллинг үшін 300-ге жуық ата-анаға айыппұл салынды. Бұл өткен жылдың статистикасы.
Екі жыл бұрын білім ордаларында іске қосылған бағдарлама әлімжеттіктің алдын алуға сеп болды. Қатарласына буллинг көрсеткен баланың ата-анасы 39 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Егер келеңсіз жайт бірнеше рет қайталанар болса, төленетін сома көлемі үш есе артады.