Шымкентте есірткі таратумен айналысқан наркограффити авторы ұсталды. Полиция қызметкерлерінің рейдтік іс-шарасы барысында синтетикалық есірткі таратумен айналысқан жас жігіт қылмыс үстінде ұсталды.


Тексеру кезінде одан психотроптық зат салынған 40-қа жуық орама тәркіленді. Тергеу барысында күдіктінің қала аумағында есірткіні арнайы жасырын орындарға қалдырып, олардың координаталарын мессенджер арқылы бөлісіп отырғаны анықталды. Сонымен қатар, ұсталған азаматтың қаладағы ғимараттар мен қабырғаларға есірткі сататын интернет-ресурстарды жарнамалайтын граффити салумен де айналысқаны белгілі болды. Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі таңда Шымкент қаласында есірткі жарнамасын анықтау және оны жоюға бағытталған «Стоп-граффити» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Шара аясында оқу орындарының маңында орналасқан 400-ге жуық наркограффити жойылды.