Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай Шымкентте соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Еңбекші ауданы әкімінің аппараты соғыс жылдарында ерен еңбек етіп, ел дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлеріне мерекелік дастархан жайды.
Іс-шара барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, олардың ел үшін сіңірген еңбегі ерекше аталып өтті. Сондай-ақ соғыс және тыл жылдарындағы естеліктер айтылды.
ЕРЛАН КҮЗЕНБАЕВ, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгінгі іс-шараға аудан аумағында тұратын тыл ардагерлері мен қаладағы Ауған соғысы ардагерлері шақырылып, мерекелік дастархан ұйымдастырылуда. Сонымен қатар концерттік бағдарлама да өтуде.
Мерекелік шараға 150-ге жуық ардагер қатысты. Еңбекші ауданында барлығы 289 тыл ардагері тұрады. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, тарихқа деген құрметті арттыруға ықпал етеді. Шара концерттік бағдарламамен жалғасты.
БАТЫРХАН ӘШЕТОВ, ТОҒЫС ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАБЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Айналайын жастар, елді қорғау – ата-бабадан келе жатқан дәстүр, мирас әрі аманат. Отанды қорғауда ең бастысы – білім.