Прокурордың айтуынша, есірткі сақтағандар мен оны алып жүргендер заңнамаға сәйкес 7 жылға дейін сотталады. Ал сақтандардың жазасы тіптен ауыр. Өмір бойына дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Нашақор БАҚЫТТЫ сәттерді сезіне алмайды! Мамандардың сөзінше, есірткі адам ағзасына шектен тыс дофаним бөліп, ләззат сезімін аспандатады. Бақыт гармонының мұндай көп мөлшерін қабылдап үйренген кісі, қарапайым сәттерге қуана алмайды. Әке атанғаны? Баласының жетістікке жеткені? Отбасылық мейрам, - оны көңілді етпейді. Міне, тәуелділік осы тұста басталады. Бірер секунтқа созылатын жасанды бақыттан тыс уақытта ол үнемі тұнжырап, депрессияда жүреді. Өмірден жалығып, өз-өзіне қолжұмсауға бейім болады. Тығырықтан шығар жол жалғыз - нашақор өз қателігін мойындап, ерікті емделуге ниеттенуі қажет. Мұндайда күштеп, дәрі-дәрмек егуің пайдасы жоқ.

ҚАРЛЫҒАШ ҚОРҒАНБАЕВА, ДӘРІГЕР – НАРКОЛОГ
– «Жастардың ағзасы әлі де даму процессінде болғандықтан тәуелділік бір рет қолданғанның өзінде пайда болуы мүмкін.» «Біз мәжбүрлі түрде оларды емдей алмаймыз.» «20 пайыз дәрігердің көмегі, 80 пайыз емделік шығу науқастың өзіне байланысты.»

Есірткіні сақтағандар мен оны алып жүргендер қылмыстық кодекстің 296 бабына сәйкес 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал сатқандардың жазасы тіптен ауыр.

 ДӘУРЕНБЕК АЛШАБАЕВ, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Егер де есірткі тектес заттарды сату мақсатында алып жүру, лобороторияларда өңдеу, дайындау фактілері орын алған жағдайда жазасы 5 жылдан өмір бойына дейін сотталуы мүмкін.»

 Улы өнімнің залалы мен жауапкершілігін жеткізу үшін прокурорлар мен полицейлер, білім басқармасы мен дәрігерлер ұдайы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Сондай іс-шараның бірі Мұхаммеджан Тынышбаев колледжінде өтті. Мамандар студенттермен пікір алмасып, қойылған сауалдарға жауап берді.

 ГҮЛЗАТ СҮГІРАЛИЕВА, М.ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 – «Ауқымды іс-шаралардың арқасында студенттерге мұндай теріс әрекеттердің залалын түсіндіруге тырысамыз. Мұндай түсіндірме жұмыстары айына 2-3 рет колледж қабырғасында ұйымдастырылып отырады.»

Кездесу барысында мамандар студенттерге есірткінің зияны туралы видео ролик көрсетіп, құқықтық жауапкершілігін түсіндірді.