Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов «Интергаз Орталық Азия» АҚ ұжымымен кездесіп, жаңа Конституцияның мазмұны мен маңызын талқылады.


Кездесу барысында мәслихат төрағасы газ саласының ел экономикасындағы стратегиялық рөліне тоқталып, сала мамандарының еңбегін жоғары бағалады. Ол Конституциялық реформалардың уақыт талабынан туындағанын атап өтті. Жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарына басымдық берілген. Сонымен қатар, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған бірқатар өзгерістер енгізілген. Мәслихат төрағасының айтуынша, бұл – халықтың тікелей қатысуымен қабылданған маңызды құжат.


БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
 Бізге қазір жылдамдық пен сапа керек. Бұрын заң қабылдау процесі ұзақ уақыт алатын еді, түрлі органдардың шешімін күтуге тура келетін. Қазіргі жүйе бұл үдерісті жеделдетеді. Сондықтан жаңа Конституцияның қабылдануы осы мәселелердің оң шешілуіне ықпал етеді деп ойлаймын.


 Жиын соңында тараптар өзара пікір алмасып, саладағы өзекті мәселелер мен алдағы жоспарларды талқылады