Шымкент қаласының аумақтық қорғаныс бригадасында он күндік арнайы оқу жиындарының қорытынды кезеңі өтті. Финалдық кезеңде қатысушылар стратегиялық нысандарды күзету және қорғау, төтенше жағдайларда өзара іс-қимыл жасау және жедел әрекет ету тапсырмаларын тәжірибе жүзінде пысықтады.


Оқу жиындарының қорытынды кезеңі «Химфарм» акционерлік қоғамының аумағында өтті. Мұнда ауқымды ведомствоаралық оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – төтенше жағдайларда стратегиялық маңызы бар нысандарды қорғау кезінде аумақтық әскер бөлімшелері, құқық қорғау органдары мен жедел қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру.