Талайдың жүрегінен орын алған хит әуендерді облыс өнерпаздары орындайды. Ерекше жобаны Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясы қолға алып отыр. Шетелдік әндер ұлттвқ аспаптар оркестрінің репетуарында. Ерекше кешті тілші әңгімелейді.
Мегаполисте «Жұбановтар әуені» байқауының жеңімпазы «Сүгір» атындағы қазақ-ұлт аспаптар оркестрінің, Алаш вокалды аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен ескіні еске алған әсерлі кеш өтті. Кештің ерекше тұсы 80-90 жылдары танымалдығы артқан ретро, хит әуендер шырқалды.
МАЙЯ АЛИБЖАНОВА, КОНЦЕРТТІҢ ҚОЮШЫ-РЕЖИССЕРІ
Жиырма төрт жылдық тарихы бар «Сүгір» атындағы қазақ-ұлт аспаптар оркестрінің, Бүгін жаңа қырынан көрермендерге өнерді паш етеді. Алаш вокалдық ансамблі өткен ғасырдың хиттеріән орындайды.
Бұл кеште әйгілі Досмұқасан, ABBA, Modern Talking, Ю. Шатунов сынды отандық және әлемдік танымал әртістер мен топтардың, әлемге танымал кинофильмдердің саундтрегі филармония әншілерінің орындауында көрерменге жол тартты.
ЕРАЛХАН ӘБІШОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ФИЛАРМОНИЯ ӘНШІСІ
Ретро әндер концерті біздің филормония үшін дәстүрге айналып бара жатыр. 80-90 эстраданың нағыз дамыған уақыты. Ол әндерді халық әлі тыңдайды сондықтан оны орындау бізге де қызық.
Ұлттық аспаптың дәрежесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған концерттік жоба алғаш рет өткен жылдың желтоқсан айында ұсынылған болатын. Өнерсүйер қауымның өтінішімен бұл жылы да жаңа сарында одан әрі шыңдалып, жанданып қайта ұсынылды. Күнделікті күйбеңнен бір сәт демалып, өткеннің естеліген еске салған әсерлі кеш көрермен қауымның көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленді.