Шымкентте 20-дан аса этнос өкілі оқитын мектеп бар. Ондағы оқушылар мен ата-аналар тонның ішкі бауындай тату-тәтті, достық қатынас орнатқан. Мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға қашан да құрметпен қарайтын олар Қазақстанды ортақ үйіміз деп санайды. Ел дамуы мен өркендеуіне қолдан келген үлесті қосуға дайын.

Ораз Жандосов мектебінде 20-дан аса этнос өкілі оқиды. Тілі басқа болғанмен тілегі бір, түрі өзге болғанмен мүддесі ортақ азаматтар мемлекеттік тілде еркін сөйлейді. Білім ұясында ұлтаралық жанжал, дау-дамай атымен жоқ.

ЖАНСҰЛУ СИХАНБЕКОВА , №30 О.ЖАНДОСОВ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ ДИРЕКТОРЫ
 – «Барлық оқушыларымыз қазақ  тілінде сөйлейді. Өз ұлтының жақсы қасиеттерін басқаларымызға да насихаттайды. Ешқандай ұлтаралық араз, жанжал жоқ.»

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектеп кіре берісінде ауқымды көрме өтті. Оған түрлі ұлт өкілдері қатысып, дәстүрлі тағамдары мен салт-дәстүрін таныстырды. Мақсат, ел ынтымағын арттырып, достық қатынасты нығайту.

 РАЙХАНА ПАХРИДДИНОВА , ОҚУШЫ
Бұл Өзбек халқының Наурыз мейрамында жасайтын дәстүрлі тағамы - сумалак. Оған 7 түрлі қоспа қосылып, бір күн бойы қайнатылады. Дайын болған соң тағамды алдымен үлкендерге ұсынып, бата-тілегін аламыз. Біз де осы елдің азаматымыз. Демек мақсатымыз ортақ. Ол - тәуелсіз Қазақстаннның өркендеп-дамуына үлес қосу.

 Көрме әрі қарай белсенді қыздар форуымына жалғасты. Іс-шараға түрлі салада жетістікке жетіп, үздік нәтиже көрсеткен арулар қатысты. Олар жас буынға үлгі-өнеге көрсетіп, көшбасшы әйел құпиясын түсіндірді.

БАЯН ЖАНДОСОВА,  AMANAT ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ  «ОТБАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ» ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ТӨРАЙЫМЫ
 – «Гендірлік саясатта айтылады ғой әйел мен ердің құқығы тең деп. Сол сөз орынды іске асса қоғам да әрі қарай дамиды деп ойлаймын.» «Жолдасы қолдап отырса көшбасшы бола алатын әйелдер өте көп.»

 ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, ҚАЛАЛЫҚ AMANAT ПАРТИЯСЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 – «Қыздардың көшбасшылығын нығайту барысында салтанатты жиын ұйымдастырып жатырмыз. Ұлттық құндылықтардан бастап, белсенді қыздар семинары өтетін болады.»

 Іс-шара барысында этносаралық бірлік мәселесі дәріптеліп, күш бірлікте екеніні айтылды. Саласының үздіктері жас аруларға жетісттікке жету үшін терең білім, таудай талап, жан-жақты ізденіс қажетін түсіндірді