Шымкентте оқу жылының қорытындысы мен білім жүйесіндегі жаңашылдықтар талқыланды. Кездесу барысында өткен кезеңдегі атқарылған істер мен мектеп қабырғасындағы білім сапасын арттыруға бағытталған жобалар таныстырылды.
Конференцияның басты тақырыбы – шәкірттердің білім деңгейін көтеру және оқу процесін заманауи талаптарға сай бейімдеу болды.Сала басшысы Қуаныш Ғалымжанұлы оқу маусымын қорытындылап, алдағы емтихан науқанына әзірлік жұмыстарын баяндады.
ҚУАНЫШ ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Республикалық олимпиадаға 71мың оқушы қатысты,олимпиада 3 өңірде өтті атап айтқанда Астана,Алматы Қостанай қалаларында болды.
Жиын барысында педогогтардың мәртебесі мен мектептердегі жаңа технологияларды енгізу мәселелері назардан тыс қалмады .Спикер сауалдарға жауап беріп,саладағы оң өзгерістерді жеткізді.
ҚУАНЫШ ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Сәуір айында Айбын 2026 әскери жарыс өтті,оған 675 оқушы қатысты.
Айта кетейік, Биыл шымкенттік оқушылар үшін табысты жыл болды. Дарынды жеткіншектер зияткерлік додалар мен халықаралық олимпиадаларда, сондай-ақ ауқымды спорттық жарыстарда топ жарып, қала қоржынына бағалы жүлделер салды.