Бүгін студенттер арасында Ахмет Байтұрсынұлының рухани және ғылыми мұрасын насихаттауға арналған семинар-тренинг өтті. Жастар ұлт ұстазының шығармашылығымен терең танысып, оның тарихи-танымдық еңбектері мен қазақ ғылымындағы маңызына тоқталды.


Тағылымды басқосу «Ұлы тұлғалар апталығы» жобасы аясында ұйымдастырылды. Семинар барысында арнайы шақырылған спикерлер Алаш арысының өмір жолы мен өнегелі ғұмырына кеңінен тоқталып, оның түркі дүниесіне қосқан өлшеусіз үлесін баяндады. Қатысушылар ағартушы еңбектеріндегі терең философиялық ойларды бүгінгі заман тұрғысынан талдап, өзара пікір алмасты.


ДӘЛЕЛХАН ОСПАН, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ ОҚЫТУШЫСЫ
 Біз текті халықтың ұрпағымыз.Алаш қайраткерлерінің бәрі оқыған, көзі ашық, білімді. Біздің ұлттық кодымызда рух бар. Ата-бабамыздан келе жатқан сол дәстүрлерді ұмытпай, көзі ашық ұрпақ тәрбиелесек, әлемнің ең озық мемлекеттерінің қатарына қосыламыз деген үміттемін.