Тауарларға ілеспе жүкқұжаттары жоқ, сондай-ақ ресімдеу қағидаларын бұза отырып, этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымына және орнын ауыстыруға тыйым салынады. Талаптарды сақтамаған жағдайда еліміздегі заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің міндеттерін уақтылы орындауын ескертеді.
ҚР Салық кодексінің 42-ші бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына салық төлеушілердің міндеттері уақытылы орындалуын қадағалау жүктелген. Бюджетке төленетін төлемдердің дұрыстығын Алкоголь өнімдерін сату кезінде тиісті лицензиясы болу керек.
АЗАМАТ АБДУЛЛА, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ АКЦИЗДЕРДІ ӘКІМШІЛЕНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Этиль спирті мен алкоголь өнімдерін өндірілуы және айналымы. Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-шы бабына сәйкес алкоголь өнімін сату кезінде тиісті лицензиясы болмаса білім беру ұйымдары авто жанармай құю станциялары сауда базарларының ғимараттарында және тауарлаорға іліспе қөұжаттары жоқ рәсімдеу қағидаларын бұза отырып алкоголь өнімінің айналымына тиім салынған.
Егер, алкоголь өнімдерін лицензиясыз өткізген жағдайда, ҚР ӘҚБтК 463 бабына сәйкес, әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса өзге шаралар қолданылады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
АЗАМАТ АБДУЛЛА, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ АКЦИЗДЕРДІ ӘКІМШІЛЕНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Лицензиясыз өһткізген жағдайда ҚР ӘҚБК 463-ші бабына сәйкес щшара көрсетілген. 15-150 АЕК айыпұл қарастырылған.
Темекі өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкерлергеде талаптар бар. Темекі өнімдерінің айналымы кезінде міндетті түрде тауарларды әкелу туралы хабарлама және қабылдау актісі ресімделеді. Ол болмаған жағдайда , сондай-ақ темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және олардың қадағалану қағидалары бұзылған темекі өнімдерінің айналымына және орнын ауыстыруына тыйым салынады.