Ұлттық патриотизм көк байрағымызды құрметтеуден басталады. Мемлекет басшысы атап өткендей, рәміздеріміз елдігімізді айшықтап, бірлігімізді нығайтады. Олар - тәуелсіздігіміздің тұмары, халқымыздың рухын асқақтататын қасиетті құндылықтар.
1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми түрде бекітілді. Ал 2007 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң қабылданып, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленді. Бүгінде көк байрағымыз халықаралық деңгейде де жоғары бағаланып, әлемдік онлайн-дауыс беру нәтижесінде үздік мемлекеттік рәміздердің қатарына енді.