Түркістан облысының Қарашық өзені маңында жалпы аумағы 50 гектарды құрайтын экопарктің құрылысы жүргізілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров аумаққа арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Өңір басшысы жауапты мамандарға сапаға баса мән беруді тапсырды.
Қазіргі таңда экопаркте тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаштар бұталып, шеңгелдер шабылды. Өзеннің екі жағалауы тазартылып, 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Жалпы мұнда 10 мыңға жуық ағаш егу жоспарланып отыр. Жоба аясында көпірлер, күн панельді жарық шамдары, орындықтар, барбекю аймақтары, тас және ағаш мүсіндер орнатылады. Барлық нысандар экологияға зиянсыз материалдардан жасалады. Қазіргі таңда алаңдарды тегістеу, балалар ойын алаңын жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.