Түркістан облысының егін алқаптарында зиянкестерді жою жұмысы басталды. Қазіргі таңда 171 гектар аумақ шегіркеге қарсы дәрі себілді. Химиялық өңдеу жұмыстары 421 гектар аумақта жүргізілетін болады. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық еткен мәжілісте талқыланды.
Түркістан облысында Шегірткеге қарсы күрес картасы әзірленіп, зиянкес таралған аумақтар 65 секторға бөлініп, 65 жұмыс тобы жасақталған. Жедел штаб Келес ауданы Бірлік ауылдық округінде орналасып, нақты іс-шараларды үйлестіріліп отыр.
ФАЙЗУЛЛА БАЙДУЛЛАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Өткен жылы облыстық бюджеттен 535 млн теңге бөлініп, 150 мың гектар жер өңделсе, биыл 133 млн теңге қаралып, 36 мың гектар алқапта химиялық өңдеу жоспарланған. Жұмыстар Арыс қаласы, Келес, Сарыағаш және Шардара аудандарында жүргізіледі.
Химиялық өңдеу жұмыстарын 421 мың гектар жерде жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 171 мың гектарынаа дәрілік зат себілген. Оның ішінде 157,8 мың гектар жер үсті бүріккіштерімен, 8 мың гектар аэрозольді генераторлармен және 5,7 мың гектары әуе арқылы өңделген.
МАРАТ ОРЫНБАЕВ ҚР АШМ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А
Жалпы 1 миллион гектардан астам аумақта мониторинг жүргізу жоспарланған болса, бүгінгі таңда оның 569,4 мың гектары немесе 62,8 пайызы зерттелді. Нәтижесінде 183,5 мың гектарда зиянкестердің экономикалық зияндылық шегінен асқаны анықталған. Шегіртке дернәсілдерінің дамуы да бақылауда. Мониторинг жұмыстарына 576 маман мен 12 дрон тартылған.
Талдау нәтижесінде Сарыағаш ауданының 22-секторы және Келес ауданының бірнеше секторлары жоғары қауіпті аймақ ретінде анықталды. Ал Арыс қаласы мен басқа аумақтар орташа және төмен қауіпті деңгейде бағалануда. Шегіртке ошақтарын дәл анықтау үшін шөп қалың аймақтарда мониторинг күшейтіліп, әсіресе Өзбекстанмен шекаралас аумақтарға ерекше назар аударылуда. Өңір басшысы жауаптыларға бір сәтке де босаңсымай, жұмысты соңына дейін жеткізуді тапсырды.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мына жұмыстарды жеке бақылауға алып шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын өз мерзімінде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажет. Нақты ұсыныс енгізіңіздер. Қай бағңытта жұмыс өз деңгейінде жүріп жатқан жоқ нәтижесімен кадрлық шешім қабылдайтын боламыз.
Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу аяқталып, мердігер анықталған. Компания тарапынан 36 техника дайындалып, олардың әзірлігі тексерілген. Сонымен қатар облыс тарапынан қосымша 72 техника жұмылдырылып, жұмыстар кешенді түрде жүргізілуде.