1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Орталық балалар кітапханасында Қазақстан мен Беларусь арасындағы мәдени-әдеби байланыстарды нығайтуға бағытталған жиын өтті. «Халықтар достығы – әдебиеттер достығы: Қазақстан – Беларусь. Достық көпірі» атты халықаралық телекөпір ұйымдастырылды.
Халықаралық телекөпірге Шымкент пен Минск қаласының 4-ші сынып оқушылары қатысты. Олар бір-біріне туған елі мен өздері тұрып жатқан қаласы туралы қызықты ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ балалар өздері салған суреттерді талдап, музыкалық шығармашылығы жайында айтты. Жалпы «Қазақстан – Беларусь. Достық көпірі» атты халықаралық телекөпір екі ел арасындағы мәдени, тарихи және достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған. Сондай-ақ халықтар достығы мен ұлтаралық келісім идеяларын, мәдениетаралық байланысты нығайтуға бағытталған.