Шымкент қаласында «XVIII ғасырдағы қазақ даласы: Иран архивтеріндегі құнды деректер» тақырыбында жиын өтті. Онда Иран Ислам Республикасының архив қорларынан алынған көне қолжазбалар мен құнды құжаттар көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шараның ашылу рәсіміне қала тұрғындарынан бөлек, тарихшылар, архив саласының мамандары мен жоғары, орта оқу орнының студенттері қатысты.
Көрме Иран Ислам Республикасының президенті Қазақстан Республикасына ресми сапарының қорытындысы негізінде жүзеге асырылып отыр. Бұл жиын – ұлтымыздың терең тарихын жаңа қырынан танытатын, өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір іспетті тағылымды бастама. Иран архивтерінен табылған сирек қолжазбалар–халқымыздың XVІІІ ғасырдағы саяси, мәдени және дипломатиялық өмірінен тың деректер ұсынатын аса құнды мұра.
ТҰРСЫНКҮЛ ҚҰСАЙЫНОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ АРХИВІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мұндағы қойылған құжаттар негізі Қазақ даласының Иранмен дипломатикалық қарым қатынастар. Хандық дәуірді қамтитын құжаттар. Біздегі кен орындары да құжаттарда көрсетілген.
ИРАН АРХИВТЕРІНДЕГІ ҚҰНДЫ ДЕРЕКТЕР