Мегаполистегі өзекті мәселелер қоғамдық кеңестің назарынан тыс қалмайды. Құлауға шақ тұрғын ескі үйлер, жол мәселелері күн тәртібінен түскен емес. Сонымен қатар жаңақұрылыс аймақтарын инфрақұрылымен қамту жұмыстарыда кеңес мүшелерін алаңдатады. Жиынның кезекті отырысын тілші әңгімелейді.
Жиынды кеңес төрағасы Бұхарбай Парманов жүргізіп, оған кеңес мүшелері мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес бірқатар салалық басшылардың есептері тыңдалды. Отырыста Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаев баяндама жасады.
АЛМАС АБАЕВ, ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
2025 жылы екі елдімекенде екі жекемшік ауыз су жүйелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Сайрам Қызылсу аумақтарында Тұрғындар тәулігіне екі ақ сағат су алып келген Қазір 24 сағат су алып келеді.
Ауданда 2026 жылдың басты басымдықтарының бірі – ауданның инфрақұрылымдық әлеуетін арттыру. Атап айтқанда, жолдарды жөндеу және жаңғырту, елді мекендерді абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, көгалдандыру бағытындағы жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде.Қоғамдық кеңес мүшелері баяндама тыңдамас бұрын тиісті салаға мониторинг жұмыстарын жүргізеді. Соның нәтижесінде баяндама тыңдалғаннан кейін өзекті мәселелер талқыланады.
ӨМІР ШЫНЫБЕКҰЛЫ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ
Тассайдағы жатақхана. Апатты жағдайда 70 отбасы 300 жуық тұрғын өмір сүруде.
АЛМАС АБАЕВ, ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Қазіргі шешім құрлыс басқармасы СПК Шымкент жиналыс өткізгеміз екі ұсыныс болды Ренавация оған тұрғындар келіспеді.
Аудан аумағында 2026 жылы кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес өкілдері есебінен жалпы саны 94 ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде, 1800 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасалды. Қазіргі таңда, ағымдағы жылдың алғашқы үш айында құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 4,2 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды. Жылдың соңына дейін кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында қосымша 50 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда.