«Ұлы тұлғалар апталығы» жобасы жалғасып жатыр. Бұл жолы жастар қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ойшыл, ақын – Абай Құнанбаевтың мұрасымен танысты. Студенттер мен оқушылар Хәкім атындағы мұражайды аралап, ойшыл қолданған тұрмыстық бұйымдарды көрді. Тарихи жәдігерлер жайында ақпарат алып, ағартушы заманына саяхат жасады.
Міне, мынау Хәкім Абайдың шығармашылықпен айналысқан жұмыс орыны. Мұнда ойшыл ұлтқа ұйытқы болар құнды еңбектерін қағаз бетіне түсірген. Экспонат Семей мұражайындағы түспнұсқаның дәлме-дәл көшірмесі. Сондай-ақ мұнда ағартушы қолданған астау, ойнаған тоғызқұмалақ сынды жәдігерлер де бар. Жастар мұражайды аралап, рухани қуат алды.
ШАЛҚАР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
– «Жастар А.Құнанбаевтың еңбегімен танысып жатыр. Апталық барысында өзге де ұлы данышпандарды жас өренге танытамыз.»
Мұражай қызметкерлері жастарға Хәкім шығармаларын таныстырып, тың ақпараттармен бөлісті. Ақынның ой-толғамдарын талдап, мән-мазмұнына үңілді.
Жастар бұрын-соңды естімеген мәліметтерді біліп, ағартушы жайындағы білімдерін жетілдірді.
Іс-шара әрі қарай Абай саябағының дала сахнасында жалғасты. Аға буын жастарға Абай шығармаларын дәріптеп, ой-толғамдарын түсіндірді