Мамандық бойынша жұмыс ұсынады. «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» бітіруші тұлектеріне арнап бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұсынды.  «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша шәкірттерге арналған  бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.

 Жәрмеңкенің ашылуында «ОҚМА» АҚ клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры, профессор Бекайдар Нұрмашев құттықтау сөз сөйледі.  Отырыс барысында ол Оңтүстік Қазақстанның фармацевтикалық кластерінің қызметі туралы баяндама жасап, онда саланың негізгі даму бағыттары, білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл және кадрларды даярлау перспективалары қарастырылды. Жәрмеңке барысында фармацевтикалық ұйымдар, дәріхана желілері, өндірістік кәсіпорындар және дистрибьюторлық компаниялардың өкілдері сөз сөйлеп, өз ұйымдарындағы бос жұмыс орындарды таныстырды.  


ҚАЙРАТ БАЙБОСЫНОВ, «BELASAR PHARMACY» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
Қазіргі таңда бізге сату мамандары қажет. Қоймаға жинақтаушы және контродлер мамандар қажет. Түлектерді соған шақырып отырмыз.

Іс-шараның негізгі мақсаты – түлектерді жұмысқа орналастыруға ықпал ету, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнату, сондай-ақ фармацевтика саласының кадрлық қажеттілігін қамтамасыз ету болды. Іс-шараға ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінен, «ОҚО «Даму» Медициналық және фармацевтикалық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінен, өкілдер келді.  Сонымен қатар   «Belasar Pharmacy» ЖШС-інен, «Медсервис плюс» ЖШС Шымкент қ. филиалынан, «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС-інен келген мамандар түлектерге  тиімді ұсыныстарын жасады.

ЭЛДАР ЮНСМЕТОВ,«ОҚМА» МАНСАП БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Бұл жерде біздің тұлектеріміз тікелей жұмыс берушілермен тікелей сұқбаттасып мәліметтер алады.


АЙДА ҚЫДЫРАЛИЕВА, СТУДЕНТ
Академия тарапынан өткізіп жатқан жәрмеңке бізге пайдары болды. Қандай жерде қандай жұмыстар бар екенін білдік.

Сонымен қатар, түлектер жұмыс берушілермен алдын ала сұхбаттан өтіп, өз түйіндемелерін ұсынып, нақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастырды. Жеке кеңестер алаңында қатысушыларға мансаптық даму және кәсіби бағдар бойынша ұсыныстар берілді. Өткізілген іс-шара түлектер мен жұмыс берушілер арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, жас мамандардың еңбек нарығына табысты бейімделуіне ықпал етті.