Биыл 1 шілдеден бастап жаңа Конституция ресми түрде күшіне енеді. Осы орайда «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында қызметкерлер мен қызмет алушыларға жаңа Конституцияны түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиында Ата Заңға енгізілген жаңашылдықтар жан-жақты баяндалып, олардың қоғам өміріндегі маңызы айтылды.
Жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді. Бұл құжат мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі өзгертіп, парламенттің орнына Құрылтайды енгізу, вице-президент институтын құру және конституциялық соттың рөлін арттыру сияқты маңызды реформаларды көздейді.
САМАЛ БАХТИЯР, ҚАЛАЛЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ
Барлығымызға белгілі осы 15 наурызда жалпыхалықтық референдумда жаңа конституция қабылданды. Және бұл конституция 1 шілдеден бастап күшіне енбек. Осы конституция бойынша енгізілген өзгерістер бойынша Тең қоғам ұйымының қызметін алушыларға түсіндірме жұмысын жүргізуге келдік.
Жиын барысында сарапшылар Ата заңға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттарына тоқталып, елдің саяси жүйесі мен экономикалық дамуына ықпалы жөнінде баяндады.
ГҮЛИЯ БЕЛГІБАЕВА, «ТЕҢ ҚОҒАМ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Орталығымыздың қызмет алушылары, мүгедектігі бдар азаматтармен жұмыс жасаймыз. Сол кісілерге және ерекше балалары бар ата-аналарға және өзіміздің орталықтың қызметкерлеріне түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Кездесу ашық диалог форматта ұйымдастырылып, келушілер мен мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.