Шымкентте «Ұлы тұлғалар апталығы» жобасы жалғасып жатыр. Бұл жолы жастар Мұхаммед Хайдар Дулатидың өмір тарихымен танысты. Сайрам елдімекеніндегі Наурыз саябағында өткен танымдық іс-шараға дінтанушы, теолог, психолог мамандар шақыртылған. Олар өскелең ұрпаққа ғұламаның ұстанымдары мен құнды деректерін, тарихи-танымдық еңбектерін насихаттады.
Студенттер арасында өткен семинар-тренинг «Ұлы тұлғалар апталығы» жобасы аясындағы алтыншы кездесу. Бұл жолы ұйымдастырушылар Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыздың ұстанымдары мен құнды деректеріне тоқталды.
ФАЙЗУЛЛА ТАЙТЕЛИЕВ, «АҚНИЕТ» АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Бұл тұлғаларды үш түрлі бағыттан қамтылып өтті. Бірінші теологиялық дінтану тұрғысынан еңбектері, халыққа дін тұрғысынан қандаф еңбектерібар деген сияқты. Екінші психологиялығ үшінші тарихи тұрғыда қандай деректер бар, қандай артықшылықтар бар? Жастарға қандай үлгісі бар деген сияқты мәселе қамтылды. Ақпараттар берілді кеңінен. Оған қатысушылар оқушылар, студенттер, колледж студенттері қатысты.
Мазмұнды жиынға 300 ге жуық мектеп оқушылары мен колледж студнттері жиналды. Оларға рухани мұраның мәні терең түсіндірілді. Ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың маңыздылығы айтылды.
ЕРЖАН ПАЗИЛОВ, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-НІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ
Бұл кісінің атын әлемге әйгілі еткен еңбегі «Тарихи» және «Рашиди» деген еңбек. Бұл еңбек қазақ хандығының қалыптасуы, оның құрылған мерзімін дәл анықтап көрсеткен еңбек. Дәл уақытын көрсеткен толықтай жазған еңбек жоқ. Сондықтан біз 2015 жылы осы кісінің тарихи Рашиди еңбегінде келтірілген датаның негізінде қазақ хандығының мерзімін анықтап 2015 жылы 550 жылдығын тойлап өттік.
Айта кетейік тағылымды іс-шара 1 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан университеті жанындағы жастар аллеясында қорытындыланатын болады.