Республикалық «Билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Қазығұрт аудандық филиалының ардагерлері сенбілікке қатысты. Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың басты парызы екенін айтқан қариялар кейінгі ұрпақты да тазалыққа шақырды.

Табиғат – баршамызға ортақ байлық. Қазақ халқы ежелден табиғатты аялауға ерекше мән берген. Сондықтан атадан балаға жалғасқан бұл игі дәстүр өз маңызын жойған жоқ, – дейді Қазығұрттық ардагерлер.

 Шара барысында ауыл әкімі мен ардагерлер кеңесінің төрағасы сөз сөйлеп, жас ұрпақты табиғат жанашыры болуға, айналаны таза ұстауға шақырды. Бұл бастама аймақтың экологиялық ахуалын жақсартуға мүмкіндік беретіні айтылды.

Бұл күні ауыл ақсақалдары жергілікті әкімдіктің қолдауымен күре жол бойына тал отырғызып, 60 түп голландиялық раушан гүлін екті. Акция соңында қатысушыларға аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.